Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ербол Жолдасбекұлы 1975 жылы 10 ақпанда Абай облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заңгерлік университетін, 2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы бұрынғы Семей облысының Жарма ауданында Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.
2002 жылы ШҚО Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.
2011 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2017-2018 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың қараша айында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды
2019-2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.
2022-2023 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары болды.
2023 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін ШҚО әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.