ШҚО Экология департаменті басшысының орынбасары жемқорлық үшін әшкереленді

246
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті және прокуратурамен бірлесіп, Экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шенеуніктің бұл әрекеті жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде анықталған. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігіне (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) сәйкес өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деп күдіктелуде.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
- Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген мәліметте.