Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Азамат Тәуірбеков тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азамат Нұрланұлы 1992 жылдың 19 наурызында Семей қаласында туған. 2014 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін эколог мамандығы бойынша бітірген.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы – Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарды.
– Республика өңірлерінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Өз жұмысында Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайын жақсарту, өңірдің экологиялық проблемаларын кезең-кезеңімен шешу, жұртшылықпен және табиғат пайдаланушылармен жұмысты оңтайландыруды басшылыққа алады, – делінген Экология департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.