Бұл туралы ШҚО Статистика департаменті басшысының міндетін атқарушы Берік Терлікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық көлемінің 10,2 пайызы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
– 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,7 пайызды құраған. Сол сияқты ет өндіру – 2,1 пайызға, сүт өндіру 4,1 – пайызға, жұмыртқа өндіру – 2,6 пайызға өскені байқалды, – дейді Берік Серікқанұлы.
Мамандардың айтуынша, негізгі өндірушілері жеке сектор шаруашылықтары болып табылады. Мал шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуіне негізгі ықпал еткен өндірілген өнімдердің молшылығы екен.