ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Өскемен қаласындағы мүмкндігі шектеулі балалар үйіндегі жас жеткіншектерге қайырымдылық жасалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
— Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез қайырымдылық жасап келеміз. Оларды қуантып, жүздеріне күлкі сыйлау біздің басты мақсатымыз, — деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Қайырымдылық іс-шарасы барысында балаларға тәттілер мен ойыншықтар, әртүрлі спортық құрал-жабдықтар үлестірілді.