ШҚО «Халифа Алтай» мешіті «Серпін» студенттеріне дастархан жайды

721
көрілім

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде студенттерге дастархан жайылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шараға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келіп білім алып жатқан студенттер қамтылды.

— Біз осы іс-шараға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Өскеменге келіп білім алып жатқан студент жастарды қамтып отырмыз. Олардың хал-жағдайын сұрап, жергілікті жерге үйренісуіне арнап осындай бастаманы қолға алдық. Мақсатымыз — білім іздеп келген жастарды қолдау, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Серпін» бағдарламасымен әр өңірден келген студенттерге бұдан былай да облыстық мешіт тарапынан көмектесіп тұру жоспарланып отыр.