ШҚО «Халифа Алтай» мешітінде өзге дін өкілі ауызашар берді

489
көрілім
Фотосурет - ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығынан

Қасиетті жұма күні облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өзге дін өкілі мұсылман қауымға ауызашар берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Мол сауапқа кенелуге мүмкіндік беретін қасиетті Рамазан айында ауызашарды Өскемен қаласының кәсіпкері Дмитрий Левитанов берді.

«Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мәди Мұхтанов еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің тілі мен діні, түсінің бөлек болғанына қарамастан жүрегі бір,  өзара бірлікте болу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттар достығы, этностар арасындағы өзара татулық мемлекетіміздің басты құндылығы екендігін атап айтты.