Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің көлік тұрағына күрделі жөндеу жұмыстары бастылып кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Көптен бері облыстық мешіттегі көлік тұрағының үстінен су ағып, мешітке келушілерге қолайсыздық туғызып келген болатын.
— Облыс әкіміне осы шаруаны айтып, қол ұшын беруді өтінген болатынбыз. Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы бұл істі өз бақылауына алып, көмектесті. Мешіттің көлік тұрағын жөндеу шарасы басталып жатыр. Бұл аса үлкен шаруа, — дейді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Жөндеу жұмыстары жедел жүріліп, алдағы айдың басында аяқталады деп жоспарлануда.