ШҚО халқы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

193
көрілім
Фото lada.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету мақсатында ШҚО Достық үйі мен облыстық волонтерлер фронт-офисінің штабы құрылған.
«Тасқынның зардабын тартқан аймақтар үшін қол ұшын созуға қоғамдық ұйымдар, этно-мәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары және елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын тұрғындар белсене қатысты. Соның арқасында, қазіргі уақытта 15 тоннадан астам азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар жиналды», - деді штаб басшысы Равиль Юнусов.
Көмек берушілердің қарасы күн санап көбеюде. Атап айтқанда, бүгін Күршім ауданынан көмек келіп, облыстық мешіттің қауымы да үлкен үлес қосты. «Normal Nomad» ЖШС 5 тонна ұн бөліп, зардап шегушілерге жәрдем берді.
Гуманитарлық көмек Өскемен қаласының Горький көшесі, 48 және Назарбаев даңғылы, 68 мекен-жайларында қабылданады. 10 сәуірде гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі жіберіледі.                                                                                           

Айта кетейік, гуманитарлық көмек Халифа алтай атындағы облыстық мешіт пен “Зекет”  және “Творим добро вместе” қайырымдылық қорларында да жинақталды