Шығыс Қазақстандағы полиция қызметкерлері балалармен болған жол-көлік оқиғаларының жалпы санын анықтап, көліктердің оқушыларды дүйсенбі күні жиі қағатынына көз жеткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО ІІД-нің хабарлауынша, биылғы жылдың 4 айында кәмелет жасқа толмаған балалармен 30 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 29 бала жарақат алып, бір бала көз жұмған. Бұл жағдайлардың тек үшеуінде ғана балалар кінәлі деп танылды.
– Жүргізілген сараптама жұмыстарының қорытындысына сүйенсек, балалармен болған жол-көлік оқиғалары көбінесе дүйсенбі күні орын алады. Оқыс оқиға негізінен 8.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін тіркеледі, – дейді ШҚО ІІД мамандары.