Шығысқазақстандық имамдар шілде айынан бастап 3 айлық білім жетілдіру курсына қамтылған болатын. Осы оқу курсы өз мәресіне жақындап, имамдар алған білімдерінен сынақ тапсырды. Білім сынағы облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
— Сынақтың сұрақтары электронды түрде жаңаша форматта дайындалып, ғаламтор арқылы тапсырылды. Бұның өзі имамдарды оқытудың жаңа форматы болып табылады. Білім жетілдіру курсына елімізге танымал діни ғалымдар келіп дәріс берді. Шәкірттер сынақты жақсы көрсеткішпен тапсырды, — деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
Сынақ тапсыру шарасына 70-жуық білім жетілдіруші имам қатысты. Ақида, Фиқһ негіздерімен Құран, Тәжуйд қатарлы ислами ілімдермен қатар зайрылы пәндер мен Қазақстан тарихынан өткен дәрістер бойынша сұрақтар облыстық мешітпен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» базасынада жасалды.