Батыс Алтай қорығының қызметкерлеріне қысты күні қалың қар салдарынан аумақты тексеру қиынға соғады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Мемлекеттік инспекторлар Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының кешендері мен объектілерін қорғау мақсатында жүйелі түрде рейдтер өткізеді.
Соңғы рейд нәтижесінде мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар участкелерден кадрлар пайда болды.
Суреттердің бірінде қорық аумағындағы жауған қардың биіктігі 1 метрден асатындығы көрінеді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, қар жамылғысының ең жоғары биіктігі Глубокое ауданында тіркелген. Аталған өңірдегі қардың қалыңдығы 120 сантиметрді құрайды.