ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл зертхананың жұмысы ағзаны ауыстыруды қажет ететін адамдарға арнайы көмекті колжетімді ете түспек.
Атап өту керек, бұл зерттеулерді жүргізу толығымен ШҚО ӘМСҚ арқылы ТКМКК (тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі) аясында қаржыландырылады және осы бағытта Қор филиалы 2022 жылға 49 млн теңге көлемде қаражат жоспарлап қойды.
Қазақстан Республикасындағы алғашқы осындай зертхана 2010 жылы Астана қаласында трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі – ТҒӨО) базасында құрылды. Ағзаны ауыстыруды қажет ететін адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және осал әлеуметтік санатындағы пациенттердің тұрғылықты жеріне жақындату үшін республика бойынша Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында осындай бірнеше HLA-зертханалар ұйымдастырылды.
Енді бұл жоғарымамандандырылған көмек Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) базасында қолжетімді болып отыр.
Шығыс өңірін транспланттауды дамыту үшін тіндерді иммунологиялық типтеудің жергілікті зертханасы 133 млн. теңгеден астам сомаға жоғары мамандандырылған жабдықпен жабдықталған. Орталықтың мамандары Нұр-сұлтан және Санкт-Петербург қалаларының базасында оқытудан өтті. HLA-ны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ШҚОҚО зертханасы ТҒӨО-дағы әріптестерімен тығыз өзара байланыста жұмыс істейтін болады.
«Бұл зертхана донорлар мен реципиенттерді типтеуді, трансплантацияланатын ағзалар мен тіндердің үйлесімділігін анықтауды ғана емес, сондай-ақ өңірде және жалпы елде трансплантологияны дамыту бойынша бірқатар басқа да маңызды функцияларды орындайтын болады. Бірінші кезекте бұл шығыс өңірін (алдымен Шығыс Қазақстан облысы, содан кейін Павлодар облысы) трансплантациялауды қажет ететін пациенттерді Күту парағын өзекті күйде ұстау, сондай-ақ донорлардың гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімін дамыту және толықтыру», — деп атап өтті өз сөзінде Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина.