Қайғылы оқиға Шемонаиха ауданының маңында оран алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешеніне қарасты «Камышенский» карьерінде апат болды, - деп хабарлады KAZ Minerals Тобы. - 18 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында карьер ернеуінен көшкен қалың қардың астынан қазандық жұмысшысының денесі табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Қайғылы оқиғаны тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде.