ШҚО қазақ драма театры жаңа маусымды қандай қойылыммен бастайды?

702
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы кезекті еңбек демалысынан соң 18-ші театр маусымын Б. Мұқаевтың «Сергелдең болған серілер» атты 2 бөлімді комедиясымен ашуға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Әр кезеңді түрлі жанрдағы қойылымдармен ашып келе жатқан ұжым, осы маусымды комедия жанрында ашуға бел байлады. Қойылымда жастар өмірлік жар іздеуде көп қателіктерге бой ұрып, небір қызықтарды басынан өткізеді. Бірі сәтті, бірі сәтсіз алдамшы сезімге берілген жастардың ұзақ уақыт сұрбойдақ, кәріқыз атанып жүруі, өзіне лайықты жар іздеудің әлегінде. Осының барлығы да сахна тілімен әдемі өріліп жеткізіледі.

18 театр маусымының алғашқы қойылымы қыркүйек айының 16 жұлдызында сахналанбақ. Қойылымның режиссері: С.Акелеев.