Статистика мамандары елдегі күнкөріс деңгейі туралы ақпаратты жаңартты. Анықталғандай, солтүстік пен оңтүстік өңірлер арасындағы айырмашылық 40%-ды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірінші орында – Маңғыстау. Мұнда ең жоғары азық-түлік бағасы сақталған. Бір адам үшін айына 63 503 теңге керек. Ал екінші орында Астана қаласы тұр. Бас қала тұрғыны бір ай өмір сүру үшін 56 867 теңгеге шығындалады. Шығыс Қазақстандағы бағалар Астанадан сәл арзанырақ. Жан басына 55 050 теңге қажет.
Оңтүстік аймақта азық-түлік бағасы едәуір төмендеген. Мамандар мұны көкөніс пен жеміс-жидектің маусымдық арзандауынан дейді. Ал ШҚО, СҚО және Павлодар облысында керісінше тамақ бағасының өсуі байқалады.
Ең төменгі баға Түркістан қаласында. Мұнда бір адам үшін орта есеппен 45 мың теңге кетеді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы инфляция көрсеткіші бойынша төртінші орында тұр.