ШҚО ҚАЖ департаментінің қызметкерлері донор болып, қан тапсыруда

708
көрілім

Бүгін Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында Өскемендегі Қан орталығына келген Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің қызметкерлері қан тапсырды.

ШҚО ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметкерлерінің орталыққа барудағы негізгі мақсаты - қанға мұқтаж науқастарға көмек көрсету және қан донорларының қатарына облыс тұрғындарын тарту.

- Облыстық қан орталығының қызметкерлері қан тапсыруға келген барлық қатысушыларға шын жүректен алғыстарын білдіріп және ШҚО ҚАЖД қызметкерлерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ оларға зор денсаулық, еңбектеріне табыс, жақсы көңіл-күй тілеп, жасаған игілікті істері үшін рахметтерін жеткізді, - дейді Солжағалау аудандық пробация кызметкери әділет майоры Серікжан Қалтымақов.