Аталған басқармаға басшы болып Мүсәпірбеков Мақсат Тұрсынғазыұлы тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Мақсат Мүсәпірбеков 1981 жылы бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлы университетте заңгер мамандығын бітірген. 2003-2004 жылдары Ұлан ауданы прокурорының көмекшісі болып, 2004-2008 жылдары Астана қалалық прокуратурасында қызмет атқарған. 2010-2012 жылдары Әділет министрлігінде еңбек еткен. Басқармаға басшы болып келмей тұрып, Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары болған.