ШҚО қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын алғашқылардың бірі болып іске қосты

322
көрілім

Бұл ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі парламентаризмді дамыту Қорымен бірлесіп жүзеге асыраған ерекше жоба.

Интерактивті карта нақты уақыт режимінде республиканың, оның ішінде Шығыс Қазақстанның әлеуметтік нысандарын салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы толық ақпаратты ұсынады.

Платформа отандық «QLT» IT компаниясы мен Нидерланды Корольдігі Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қатысуымен әзірленді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдиннің айтуынша, интерактивті қоғамдық бақылау картасын облысымыздың тұрғындарына бюджеттік шығындар туралы ақпаратты қолжетімді және түсінікті түрде алуға мүмкіндік береді, осылайша қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін жасайды.

- Бұл ЕурАзЭҚ пен ТМД елдері арасындағы бірегей жоба. Ол қоғамдық ақпаратқа қол жетімділікті жеңілдету, үкіметке деген сенімді арттыру, сонымен қатар билік пен азаматтық қоғамның өзара байланысы үшін, тиімді диалог алаңын құру үшін жасалған. Карточка жеткізушілер, бөлінген сомалар, құрылыстың мерзімі, кепілдеме туралы ежгей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл процестерді кез-келген адам тәулік бойы бақылап, құжаттармен танысып, келеңсіз оқиға туындаған жағдайда уәкілетті органға тиісті фото немсе бейне материалдарды да жебере алады, - деді Жігер Байдилдин.

Сонымен қатар ресурс автоматты түрде жұмсалған қаражат мөлшерін талдайды және оларды ұқсас объектілермен салыстырады. Шығындар едәуір асып кеткен немесе төмендетілген жағдайда жүйе межелі аймақты көрсетеді, осылайша қоғамдық бақылауды автоматтандырады.
Сондай-ақ белгілі бір жеткізушілер мемлекеттік органның басшысыларын бақылап, тендерді ұтып алған кезде топтық жұмыстарды бастай алады. Жүйе жеткізушілер жұмысының сапасын бағалауға және түсініктеме беруге ғана емес, сонымен бірге қатысушылардың бірін тендер жеңімпазы ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба азаматтарға бюджет шығындарын бақылауға ғана емес, белгілі бір салаларға қаражат бөлу туралы бастамалар жасауға да тиімді.

- Бұл ТМД-да мүлдем баламасы жоқ жаңа ресурс. Қазір платформа жетілдірілу сатысында. Жоба бірнеше жетістіктермен ерекшеленді. Біріншіден, жобаны Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәліметтің ашықтығы және халықпен өзара әрекеттесу саласындағы Қазақстанның бренд жобасы ретінде бағалады. 2018 жылдың қараша айында карта ЕҚЫҰ-ның Римдегі және Венадағы халықаралық орындарында жоғары баға алды, ал 2018 жылдың желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік IT-жоба» номинациясын жеңіп алды, - деді Жігер Байділдин.

Интерактивті карта publicbudget.kz сайтында қол жетімді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жақында автоматты орналасуы бар мобильді қосымшаны жасау жоспарлануда. Нысанға жақындаған кезде пайдаланушыға объект туралы ақпарат, бөлінген қаражаттың мөлшерін қалдыру мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.