ШҚО қонақтары Алтай өңірін тікұшақ арқылы тамашалай алады

956
көрілім
Фотосурет - toureast.kz сайтынан .

Шығыс Қазақстанға келген қонақтарға бағасы 1,3 миллион теңгелік туристік бағыттар ұсынылуда. Осындай соманы қалталарынан шығарған қонақтар Алтай өңірін тікұшақ арқылы құс самғайтын биіктен тамашалауға мүмкіндік алмақ.

Ерекше ұсыныс toureast.kz сайтында орналастырылған. «Шығысқазақстандық экспресс» деп аталатын тур аясында туристер Катонқарағай ауданының аумағында жатқан Алтай тауының ең биік шыңы Мұзтауды, Бұқтырма өзенін, ескі австриялық жол мен Марқакөл көлін әуеден көруге мүмкіндік алмақ. Клиенттер тікұшақтың бір немесе екі күндік турын таңдай алады. Сонымен қатар, саяхаттау үшін екіден жеті адамға дейін жиналуы қажет.
Сондай-ақ, аталмыш порталда арзан турлар да жоқ емес. Мысалы облыс орталығын төрт күн аралағыңыз келсе қалтаңыз 66 мың, ал Семей ядролық сынақ полигонының аумағын көріп қайтуды армандасаңыз  70 мың теңгеге жұқарады.