ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында кезекті Ашық есік күні өтті

416
көрілім

Аталмыш шара қуық, тері, өкпе қатерлі ісігінің алдын-алу, ерте анықтау бағытындағы айлық аясында өткізіліп отыр.

Бұл күні облыс жүртшылығы учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз, әрі тегін Онкоорталықтың хирург, гинеколог, уролог мамандарынан қажетті кеңес алып, кей жағдайларда қосымша тексерулерге жолданды.

Бас-аяғы осы Ашық есік күніне 100-ге жуық адам келіп, өз денсаулықтарын қажетті тексерулермен қамтамасыз етті. Олардың ішінде 1 адамнан қатерлі ісік, 8 ісік алды жағдайы және басқа да 32 түрлі нозологиялар анықталды.
15 адам УДЗ, 23 адамға цитологиялық зерттеулер жасалды.