Риддерге таяу маңда орналасқан Батыс Алтай қорығының қызметкерлері камераға түсіп қалған кезекті кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды Biqara.kz тілшісі
Бұрын хабарлағанымыздай, қорықта бірнеше камералар орнатылған болатын. Оларды жануарлар жиі баратын жерлерге, яғни тоғандардың маңайына орналастыруға тырысады. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, бұл жолы камера тұзағына жабайы қабан, түлкі, бұғы және басқа да жануарлар ілінген.