ШҚО КожХО-да «ONKO WEEK VKO» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды

182
көрілім
Фотосуреттер: ШҚО КОжХО

Онда ононкологиялық орталықтың хирургтары, сондай-ақ Алматы, Астана, Тбилиси және Санкт-Петербург қалаларынан шақырылған дәрігерлер шеберлік сағаттарын өткізіп, онкохирургияның өзекті тақырыптары бойынша баяндамалар жасайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Орталық директоры Гульмира Сагидуллинаның айтуынша, мекемені жаңғырту және заманауи жарақтандыру, мамандарды шетелдің жетекші клиникаларында оқыту орталықта қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің барлық түрлерін, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге мүмкіндік берді. Сондықтан онкологиялық орталық Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дәрігерлерді оқыту алаңына айналды. 30-ға жуық хирург үшін отандық және шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік туды, бұл ел дәрігерлерінің ғылыми-практикалық әлеуетін арттыруға көмектеседі.

Конференцияның ашылу салтанатында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанда онкологиялық қызметті дамыту үшін жағдай жасауға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

- Бүгінде Онкологиялық орталық – елдегі жетекші, жоғары жабдықталған орталықтардың бірі. Мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Біздің онкологиялық қызметіміздің сапасы артты, мен мұны мақтан тұтамын. Осындай ауқымды, маңызды іс-шараның ШҚО КОжХО-да өтуі де маңфзды саналады, - деді ол.

                                                                                                                        

Халықаралық конференцияның қонақтары: Тбилиси американдық госпиталінің урология бағытының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Давид Николеишвили, жоғары санатты дәрігер-онколог, Санкт-Петербург фтизиопульмонология ҒЗИ торокалды хирургы Андрей Нефедов, Қазақ ОРҒЗИ онкогинекологиялық қызметінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Ерлан Кукубасов, сондай-ақ Қазақ ОРҒЗИ онкоурология орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Хусан Умурзаков, Астана қаласындағы КМО директорының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Талғат Курманов, жоғары санатты дәрігер-уролог, «ҚР Президенті Іс Басқармасының» Медициналық орталығы ауруханасының урология бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов және Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас урологы, медицина ғылымдарының кандидаты Серік Жүнісов

                                                                                                                        

Онкологиялық орталықтың мамандары мен шақырылған профессорлар несеп-жыныс жүйесінің, кеуде қуысының және әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерін хирургиялық емдеу бойынша бірқатар шеберлік сағаттарын өткізеді. Үш күннің ішінде «ONKO WEEK VKO» аясында 11 операция жасау жоспарлануда. Ол үшін пациенттерді іріктеу жүргізілді, олардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары.