Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, өрт кезінде әрекет ету ережелерін пысықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт жаттығуларының сценарийі бойынша сәулелік терапия және диагностика орталығында шартты өрт ошағы табылды. Орталық мамандары «қызыл кодты» жариялап, алгоритм бойынша әрекет етті. Олар ескертуді енгізу мен ең қысқа эвакуациялық шығуларды пайдалана отырып, қызметкерлер мен науқастарды эвакуациялады. Құтқарушылар өз кезегінде өрт сөндіру күштері мен құралдарын жауынгерлік орналастыруды жүргізді және шартты түрде түтін шыққан бөлмеден зардап шеккендерді шығару алгоритмін пысықтады.
- Мұндай жаттығуларды төтенше жағдай туындаған жағдайда дүрбелеңге түспеу үшін және үйлесімді, нақты іс-қимылдардың арқасында біздің қызметкерлер мен емделушілердің қауіпсіздігін сақтау үшін жүргізу маңызды, - деді онкологиялық орталықтың АҚ және ТЖ жөніндегі инженері Мейрамбек Дайранов. - Сондықтан, медициналық қызметкерлердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі қалай жақсы болса, солай жедел қызметтің мамандарымен де өзара іс-қимылын жақсарту үшін ШҚО ТЖД мамандарын іс-шараға шақырдық.