Өңір басшысы арнайы брифингте Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарына шығысқазақстандықтар да атсалысатынын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Даниал Ахметов облыста өндірілетін 300 тонна цементтің Арыс қаласына жеткізілетінін айтты. Сонымен қоса, қысқа уақыт ішінде 541 үй мен ғимараттар, оның ішінде 522 жеке үйлер мен 4 әлеуметтік нысан (балабақша, колледж, оқу орталығы, мешіт), 15 коммерциялық нысан жөнделеді.
Қазіргі таңда 750 маман бұл жұмысқа әзір. Бұдан басқа 190 шатыр және терезе жөндеушілер қолұшын созуға даяр.