ШҚМТУ ғалымдарының бірқатар жобалары болашақта Өскеменде медицинаға арналған жоғарытехнологиялық өнімдерді шығаруға ықпал етпек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Сондай жұмыстардың бірі ШҚМТУ ғалымдары мен «УМЗ» АҚ-ның бірлесуімен жасалған. Қазіргі уақытта өндіру технологиясынан бөлек 10 километр сым мен қорытпа материал бар. Бұл жұмыста көмектескен жапондық «Furukawa Electric Group» компаниясы.
Жапондық әріптестер облыс орталығына жұмыс сапарымен келіп, зауыттың арнайы сымды жасау мүмкіндіктерімен танысты.
Тағы бір жоғарытехнологиялық өнім темір импланттар болмақ. Салыстыру ретіндегі тәжірибелерде сегіз имплант титан, тантал қорытпаларынан жасалды.
– Бұл жоғары нәтиже беріп, үлкен серпіліс жасайтын жобалар, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. – Жергілікті кәсіпкерлер осы іспен айналысулары үшін біз арнайы несие бөлеміз. Кейін жұмыс толығымен аяқталған кезде Қазақстанды күтпеген әлемдік нарыққа шығатын боламыз.