Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылдан бастап өңірдегі мектептер мен колледждер түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту үшін "білікті маман"жобасы табысты іске асырылуда.
- Осы жоба шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жеті жыл ішінде облыс әкімінің 2576 білім беру гранты медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс, ветеринария және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған, - деп жеткізді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
2021-2022 жылдары жоба бойынша 569 студент білім алды, оның ішінде 438 адам жұмысқа орналастырылды (77%). 2023 жылы түлектер саны-288 адам, жұмысқа орналасудың алдын ала көрсеткіші – 224 адам, яғни 77,8%.
– Егер 2016 жылы 1800 мектеп түлегі шетелде оқуын жалғастырса, 2023 жылы – 270, – деп қосты Иннеса Чернышева. - Осылайша, өңір мектептері түлектерінің таяу шетелдегі жоғары оқу орындарына кетуі алты есеге азайды.