Биыл өңіріміздегі білім ордаларында тегін ыстық тамақпен 29 000 баланы қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде көпбалалы аз қамтылған отбасыдан шыққан 9 867 оқушы бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Алдағы оқу жылында ыстық тамақпен 577 (88,7%) мектептің 188 278 оқушысы (97,3%) қамтылмақ. Тегін ыстық тамақ 29 мың оқушыға беріледі.
– 1600 оқушы үшін буфеттік тамақтану ұйымдастырылады. Бұған әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балалар да кіреді. Қалған оқушыларға ата-ананың ақы төлеу есебінен тамақ беріледі (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы), - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.