Алдағы жаңа оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы 272 мектепте робототехника пәні оқытыла бастайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір құрылғыларды Мәскеуден келген мамандар орнатып, жергілікті мұғалімдерге бағдарламаларды үйретіп жатыр. Бір аптаға созылатын курстан соң ұстаздар осы мамандықты игергені жөніндегі халықаралық сертификатқа ие болады.
Жалпы өңір бойынша қазір 300 ге жуық IT-сынып ашылған. Оқушылар қызығушылығын арттыратын сыныптарды өңірдегі кәсіпкерлер өз қаражаттарына жабдықтаған.
- Барлық аудандарда, ауылдарда осы крусты дамытып, ілгерілетіп жатыр. Осыған ризамыз. Қалалық жерде ғана емес, осы ауылдық жерлерден бастағанына қуаныштымыз, деді информатика пәнінің мұғалімі Алма Тілеубаева,