Алдымызда Ақмола облысы тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Отандық эстарада жұлдыздарын бүгінде әлем таныды. Димаш Құдайбергенов, Жамилә Серкебаевалардан бастап, реп жанры бойынша да өз мүмкіндігін дәлелдегендер аз емес.
Десе де, түрлі ресми жиында депутаттар, Президенттің өзі де ел көлемінде музыкалық мектептердің кемшін екенін, осы тұрғыда инфрақұрылым әлі дамымағанын айтып келеді. ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық бюро статистикасы өкілдері балалар музыка мектебі туралы ресми ақпармен бөліскен жоқ. Алайда eGov порталында осы сияқты тізім бар екен. Соған сүйенсек, республика бойынша барлығы 147 мектеп енген. Ел көлемінде 3-17 жас аралығындағы балалар саны 5,6 млн екенін ескерсек, бір мектепке 40 мың оқушыдан келеді.
Шығыс Қазақстанда балаларға арналған 16 музыкалық мектеп бар. Тек Ақмола облысы ғана алға озған, ол жақта 17 екен. Басқа өңірлерде анағұрлым аз.