Жерлестеріміз Түркістан облысында өткен грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы қоржынға қос қола медаль түсті. Бапкерлік құрам берген нұсқаулықты айна-қатесіз орындауға тырысқан екі палуан алғашқы белдесулерін аса сәтті өткізген болатын. Алайда спортшыларымыз финалға жолдама ала алмады. Соған қарамастан Рауан Тұрұсбек те (52 келі), Темірлан Тұрдақын да (62 келі) кіші финалда мүмкіндіктерін мүлт жібермей, Шардара шаһарында жүлдегер атанды.
Фотосурет grw_vko парақшасынан
shko_paluandary_el_chempionatynan_zhuldemen_
59