Жерлестеріміз Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен еркін күрестен халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталмыш додаға құрлықтың түкпір-түкпірінен 700-ге жуық спортшы келіп қатысты. Әдеттегідей, бұл сыннан жерлестеріміз де шет қалмады. Бәсеке 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында өрбіді. Ерлан Бекенов баптайтын жармалық Байжан Тоқташ 65 келіде қола медаль еншілесе, семейлік Заңғар Қабылбеков те 55 келі дәрежесінде үздік үштікті түйіндеп, қоржынын кезекті жүлдемен толықтырды. Бұл ретте Заңғардың Қанат Қасайновтың қол астында жаттығатынын айта кетейік.
Әділхан ЕСІМХАНОВ