ШҚО палуандары оқу-жаттығу жиынына қатысуда

529
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы өңірдегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Мектебіміздің еркін күрес балуандары Риддер қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Оқу-Жаттығу жиыны 15-30 желтоқсан аралығында өтеді, – делінген мәліметте.
Анығы сол, оқу-жаттығу жиынында аймақтағы алдыңғы қатарлы палуандардан бөлек, болашағынан үміт күттіретін бірқатар өрендер дайындалуда. Елішілік додаларда оза шауып жүрген жерлестерімізден Диас Асқаров, Тілек Қабыкенов (екеуі де 79 келіге дейінгі салмақта), Айдос Жылқайдаров, Досжан Әсетов (екеуі де 70 келіге дейінгі салмақта), Мұхамед Балғабай (57 кейде 61 келіге белдеседі), Мұхтар Сейітов (61 келі) және тағы басқа спортшылар әзірлік жүргізуде.