ШҚО палуандары оқу-жаттығу жиынына қатысуда

688
көрілім

Кезекті жарыстар алдындағы қызу әзірлік Алматы облысында өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Барлығы емес, бапкерлік құрам бекіткен бірнеше спортшы ғана дайындықтарын жалғастыруда. Аймақтағы жастар құрамасының бапкері Қуаныш Қабдықалықовтың жетекшілігімен жерлестеріміз Талғар қаласындағы АИБА базасында шеберліктерін шыңдау үстінде. Еркін күрес шеберлерінен риддерлік Айдос Жылқайдаров (70 келі), Олжас Олжақанов (65 келі), Әсет Бауыржанов, сондай-ақ Диас Мұратбеков сынды өрендерді айта кетейік. Мамыр айының 5-і күні басталған әзірлік айдың 27-не дейін жалғаспақ.