ШҚО палуандары Польшадағы халықаралық турнирде бақ сынайды

918
көрілім
Шартты фотосурет

Аталған додада ел намысын 10 палуан қорғайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Kazakhstan_wrestling дерегінше, Польшаның Варшава қаласында күрестің үш түрі (еркін, грек-рим және әйелдер) бойынша Циолковский, Пытлисинский, Poland Open турнирі өтеді. Маусымның 8-13 аралығында жалауы желбірейтін жарыста ерлер құрамасы сапында қос бірдей шығысқазақстандық спортшы бозкілемге беттейді. Айталық, 74 келіде Әлем чемпионатының қола жүлдегері, көкпектілік Данияр Қайсанов, 125 келіге дейінгі дәрежеде Азия чемпионы, риддерлік Олег Болтин өз мүмкіндіктерін байқайды.

Рейтингілік турнирге қатысатын еркін күрес шеберлері:

1. Адлан Асқаров (61 келіге дейін)

2. Нұрислам Санаев (61 келі)

3. Дәулет Ниязбеков (65 келіге дейін)

4. Сырбаз Талғат (70 келіге дейін)

5. Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін)

6. Данияр ҚАЙСАНОВ (74 келіге дейін)

7. Әлішер Ерғали (97 келіге дейін)

8. Серік Бақытханов (97 келіге дейін)

9. Олег БОЛТИН (125 келіге дейін)

10. Юсуп Батырмурзаев (125 келіге дейін)