ШҚО ПД бастығы Семей қалалық полиция басқармасының жеке құрамымен кездесті

421
көрілім

ШҚО ПД Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев қараша айының 18-і Семей қаласына жұмыс сапары барысында Семей қаласының полиция басқармасы және полиция бөлімдерінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында Департамент бастығы жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді.

- Қазіргі уақытта осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Семей қаласы бойынша Қарағайлы жаңа шағын ауданында учаскелік полиция пункті, сондай-ақ 2 модульдік бекет пайдалануға берілді. Қараша айының басында учаскелік полиция инспекторларына «Нива» маркалы 20 қызметтік автокөліктің кілті табысталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Департамент бастығы сервистік полицияның жұмысын бағалау - құқық бұзушылықтарды анықтау емес, жолын кесу, көмек беруге дайын болу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу үшін халықпен сенімді қарым-қатынас орнату екенін атап өтті. Осы мақсатты іске асыру үшін жеке құрам зерделеген және қызметтік қызметте пайдаланылатын жадынама әзірленді.