ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаушыларды ұстады

334
көрілім

Өскеменде есірткіге қарсы күрес басқармасының мамандары мен Ұлттық Ұлан қызметкерлері жедел алдын алу шаралары кезінде 27 жастағы алматылық азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күдікті есірткі заттарын сату, жеткізумен облыс орталығында айналысқан. Тінту кезінде сырты қапталған, өткір иісті, өсімдіктекті зат салынған бес қорап табылды.

Дәл сол күні ШҚО полицейлері Жамбыл облысының  тәртіп сақшыларымен бірге қызметтік іссапар кезінде марихуана тасымалдаумен айналысқан екі ер адамды қамауға алды.

Жалпы алғанда жедел алдын алу шаралары кезінде 77 келі есірткі заты тәркіленіп, күдіктілер анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.