ШҚО полицейлері кәмелетке толмағандарға алкоголь сату фактісінің жолын кесті

607
көрілім

Маусым айының 17-20 аралығында облыс аумағында республикалық профилактикалық шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған мерзім аралығында 1200 рейдтік жүргізіліп, соның шеңберінде 4000 аса объекті зерттелді. Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде 468 кәмелетке толмаған анықталып, жедел-профилақтикалық шара барысында 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Оның ішінде, 21 жасқа толмаған 10 адам арақ-шарап сатса, олардың 7-еуі кәмелетке толмаған. Сондай-ақ сегіз адам кәмелетке толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын саудаласа, ата-ана немесе басқа заңды өкілдерін бала тәрбиелеу міндеттерін атқармау бойынша 28 адам жауапкершілікке тартылды, - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Осы шара балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, олардың еңбегін пайдалану және балалардың қараусыз қалмауының алдын алуға бағыттылған.