ШҚО полицейлері мал ұрлағандарды қолға түсірді

784
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының соңында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жүгініп, ірі қара мал ұрланғанын жеткізген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәлімете сәйкес шағым түнде белгісіз біреулер 56 жастағы тұрғынның шаруақожалығы аумағына заңсыз кіріп, сол жерден екі бас ірі қара малының ұрлануына байланысты түскен.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасағаны үшін Самар ауылының 26 және 29 жастағы тұрғындарын анықтап, қолға түсірген. Оларға қатысты «ешқайда шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылып, заттай дәлелдемелер алынды (ІҚМ бір басы, терісі), - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мал ұрлағаны үшін күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар наурыз айының 26-сы күні Жарма ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында 11 бас жылқы табылды. Бұл жануарлардың Аршалы ауылдық округінде 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 2-наурызына дейінгі (ҚР ҚК 188-1-б.2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру) уақыт аралығында жайылымнан жоғалып кеткені анықталды.