ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасында Отбасы күніне арналған жарқын мейрам өткізілді. Шуақты іс-шараға қатысқан әр бүлдіршінге мадақтама мен сыйлық берілді.
Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында құқықтәртіп сақшылары «Aq jol» қозғалыс жас инспекторлары балалар-жасөспірімдер клубының қасымша білім беру педагогтарымен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кәмелетке толмағандар үшін сайыстар ұйымдастырды. Сот алқасының құрамына Қонаев қаласындағы «Балдәурен» балаларды оқу-сауықтыру орталығында өткен қозғалыс жас инспекторларының республикалық слетінің жеңімпаздары кірді.
Іс-шара аясында сайыс қатысушыларына практикалық тапсырмалар ұсынылды. Оның ішінде көлік құралдарын белгілеу және оларды жолдың жүріс бөлігінде орналастыру, жол белгілерін құрап, олардың қай топқа жататының анықтау, сондай-ақ қатысушы үшін ең күрделі және көрермен үшін ең әсерлі болған – кедергілерден велосипед жүргізу. Креативті сайыстардың бірі - ол қауіпсіздікпен байланыстырып, асфальт үстіне сурет салу.
Балақайларға өздерінің қызықты мастер-класстарын қозғалыс жас инспекторлары көрсетті. Олар жол-көлік оқиғасына тап болған адамға алғашқы көмек көрсету дағдыларын ұсынды. Өз кезегінде, қолқоян-қолтық ұрыс бойынша өз әрекеттерін Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері әзірлеп, балаларды өз-өздерің қорғау тәсілдерін меңгеруді үйретті.
ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриевтің айтуынша, осындай іс-шаралардың басты бағыты – ол отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарды, ішкі істер органдары қатарында ұрпақтар сабақтастықты дамыту және ңығайту болып табылады.
2022 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған, сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акция, «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.