ШҚО полицейлері Ресейде іздеуде болған 2 көлікті анықтады

471
көрілім

Қазан айының 11-17 қазан аралығында облыс аумағында қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде ұрлықты ашуға және автокөлікті айдап әкету фактілерінің жолын кесу мақсатында жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында 2 күн ішінде айдап әкетудің 3 фактісін, оның ішінде бұрын жасалған 2 қылмысты ашты. Барлық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Бұдан бөлек, ұрланған автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді (автобөлшектер, бұрын пайдалануда болған қосалқы бөлшектерді сату бойынша сауда нүктелері, ТҚС және т.б.) өткізу орындары тексерілді. Автокөлік ағынын тексеру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуы нәтижесінде Ресей Федерациясында айдап әкетуде есепте тұрған 2 автокөлік анықталды, - делінген мәліметте.

Аталған автокөліктер айыппұл тұрағына қойылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.