Ұры орман шаруашылығы күзетшісінің қаруы мен оқ-дәрілерін қолды қылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылдың қазан айында Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округіне қарасты «Бота өлген» учаскесінде оқ-дәрісі бар «Бекас» тегіс ұңғылы қару жоғалған. Аталмыш қару орман шаруашылығының күзетшісіне тиесілі болған. Келтірілген шығын мөлшері – 90 мың теңге.
Ұры көп ұзамай құрықталды. ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, күдікті осыған дейін де істі болған 27 жастағы ер адам. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– ҚР Қылмыстық Кодексінің 291-бабына сәйкес (атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.