ШҚО Полиция департаментінде гарнизондық жиын өтті

1185
көрілім

Қараша айының 5-і күні ШҚО Полиция департаментінің плацында саптық бөліністердің кезекті гарнизондық жиыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент басшылығы құқықтық тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім-кешегін, қызметтік куәліктерін, төс белгілері мен жеке нөмірлері бар жетондарын тексерді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері облыстың жедел жағдайының жай-күйі туралы хабардар болып, бағдарлармен танысты. Бұдан басқа, ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев жеке құрамға «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындылары мен полицияның сервистік моделінің жұмыс қағидаттары туралы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларына қызметтік көліктердің кілті табыс етілді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері салтанатты маршпен өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға және Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.