29 қаңтар күні сағат 20.00-де РФ шекарасынан Семейге қарай бағыт алған автобус бұзылып, ШҚО Полиция қызметкерлері қоғамдық көліктегі 30 жолаушыны эвакуациялаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«ИНГ-ЛОН» автобусының жүргізушісі РФ шекарасынан Семейге қарай Новосибирск-Өскемен бағытымен келе жатып көлігінің бұзылғанын байқайды. Сосын ол бірден құқық қорғау органдарына хабарласады.
Оқиға орнына дереу арада М-90 экипажы келіп жетті. Оның ішінде ШҚО патрульдік полиция қызметінің инспекторлары, полиция лейтенанты Н.Амангелдіұлы мен полиция аға лейтенанты Е.Мотов және полиция инспекторы, лейтенант Н. Жолымбетов пен полиция лейтенанты А.Сакенов бар.
- Олар оқиға орнына жеткен кезде қас қарайып кеткендіктен полицейлер жолаушыларды қызметтік көлікпен Семейдегі халықаралық автобекетке жеткізеді, - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.