Шығыс Қазақстан облысының Прокуратурасында қосымша сенім телефондары іске қосылды, деп хабарлайды Бұқара. кз сайтының тілшісі.
Прокуратураның баспасөз қызметі халықпен жұмысты күшейту мақсатында қосымша сенім телефондары іске қосты, деп хабарлайды. Бұдан былай облыс тұрғындары әр түрлі сұрақтармен 8 (7232) 40-33-23 немесе 8-708-440-33-23 сияқты жаңа нөмірлерге жүгініп, прокурорының немесе оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ, бұрынғы 8 (7232) 24-32-99 телефон нөмірі арқылы да хабарласуға болады.
Аталған телефондар бойынша тұрғындардың сұраныстары жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.