ШҚО прокуратурасы Мемлекеттік рәміздер күніне арнап велосипед жорығын өткізеді

597
көрілім
Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық прокуратура үшінші маусымда, яғни сенбі күні спортттық шара өткізбек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Велосипед жорығы сағат 10.00-де облыс прокуратурасының ғимаратынан (Пермитин көшесі 21) басталмақ. Акцияға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Велосипед жорығы мемлекеттік рәміздер – конституция мәтіні, мемлекеттік ту мен елтаңба орнатылған тау бөктеріне дейін жалғасады.

Веложорыққа қатысуға ниет білдіргендер ақ жейде киюі қажет. Сондай-ақ, азаматтар өздерінің велосипедтерімен келуі тиіс.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ