ШҚО прокуратурасы аумақтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарының қорғалуына, жеке мәселелеріне кең көлемді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау органы аумақ тұрғындарының ерекше көмекке мұқтажы бар адамдардың құқықтарының бұзушылықтары туралы хабарлауын сұрайды. Прокуратура үшін көмекке мұқтаж адамдардың, мүгедектердің қамы мен пікірі маңызды.
– Біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтары, уәкілетті мемлекеттік органдардан міндетті әлеуметтік көмек алу кезінде туындайтын өзекті мәселелері туралы хабарлауын сұраймыз, – дейді Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында.
Ақпаратты 8-707-424-86—64 телефоны бойынша WhatsApp қосымшасына хабарлама түрінде жолдап, ШҚО прокуратурасының әлеуметтік желісі Facebook және ВКонтакте («Прокуратура ВКО» пайдаланушысы және осы тектес тобына) жүгінуге болады.