Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде сотталғандар жеке кәсіпкерлікпен айналысуға үйренетін болады. Іс-шараны прокуратура мен кәсіпкерлердің аумақтық Палатасы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жақында Жарма ауданында орналасқан ОВ 156/17 мекемесіндегі сотталғандар кәсіпкерлік дәрістердің тыңдаушылары атанды.
Колонияда бизнесті қалай ашуға керек? Бизнес-жоспар қалай құрастырылады? Пайда мен шығынды қалай есептеуге болады? Сотталғандардың осы және басқа да сұрақтарына бизнес-жаттықтырушы Талғат Қасенов жауап берді.
Сондай-ақ, сотталғандар әртүрлі өнімдердің бағасына және қажетті ақпаратты ғаламтор арқылы алу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренингтің пайдасы өте зор. Кейбір сотталғандардың бизнес-идеялары жемісті деп айтуға болады, оларды тек қана жүзеге асыру керек.
Атап өту қажет, бизнесті ашуға, жұмыс орындарын арттыруға және сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған осы тектес іс-шаралар облыстың барлық колонияларында ай сайын жүргізілетін болады.