ШҚО Прокуратурасы тұрғындарды жолдың сапасыз жөнделуі туралы ақпаратпен бөлісуге шақырады

606
көрілім

Облыстық Прокуратура өңір тұрғындарын жолдың сапасыз жөнделуі туралы ақпаратпен бөлісуге шақырады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Сапасыз салынған құрылыс, жол жөндеу және жол жабындысының бұзылуы сияқты барлық фактілерді Прокуратураға хабарлауды сұраймыз, – дейді прокуратура қызметкерлері. – Хабарламаны фото және бейнетаспалармен қоса берсе тіпті жақсы.

Тұрғындар 8 (7232) 24-54-82 телефоны бойынша қоңырау шалып немесе бақылаушы органның «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына жаза алады.