Құайын Игембаевтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында орман заңнамасын сақтау және қорғау саласында қабылданатын шаралар, орман қорын пайдалану мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО-да орман қоры 3,7 миллионды құрайды. Бұл мемлекеттік орман қорлары, «Семей Орманы» МОТР» РММ және аса қорғалатын табиғат аумақтары (Ұлттық парктар пен қорықтар).
Үш жыл ішінде ШҚО-да 500-ден астам өрт шығып, 33,5 мың текше метр ағаш жанып кетті. Тексеру көрсеткендей, барлық өрттің 90% тіркелген резерваттағы орман өрттерімен күрес шаралары тиісті түрде ұйымдастырылмағандықтан орын алған.
Ағаштарды заңсыз кесу өзекті мәселе болып табылады. Облыс аумағында 2017-2019 жылдары заңсыз ағаш кесудің 382 фактісі тіркелді (2017.– 125, 2018 ж. – 151, 2019 ж. - 106). Тек қана прокурорлық тексеру кезінде заңсыз ағаш кесудің 15 фактісі, соның ішінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің өздері де ағаштарды заңсыз кесетіні анықталды. Оған төмендетілген залал сомасы ықпал етеді, осыған байланысты шетелдердің тәжірибесі негізінде залалды есептеу әдістемесін қайта қарау қажет. Орман қасақана жою фактілерін анықтау және ашу қажеттілігі атап өтілді.
Орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары да тиісті деңгейде жүргізілмейді. Орман пайдаланушылары ғана емес, сондай-ақ Семей орманының орман шаруашылықтары да көшеттерді отырғызу бойынша шарттық міндеттемелерді бұзып, жеткілікті түрде қалпына келтірмейді. Мысалы, 20 мың гектардың орнына тек 9,8 мың га егілді. Резерват өз кезегінде орман қорығының, жылыжайлардың, жұмыс күштерінің жетіспеушілігіне сілтейді. Өсімді молайту бойынша осы тектес жағдай табиғи ресурстар басқармасының ведомстволық бағынысты орман шаруашылықтарында да қалыптасқан, себебі, онда да көшеттерді отырғызу жоспары орындалмаған.
Отырыс соңында уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарды жойып, орманды бүлдіру және орманды жою фактілерінің жолын кесу жөнінен профилактикалық шаралар қабылдау ұсынылып, прокурорларға осы бағытта қадағалауды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ құзырлы органдарға осы тектес бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнамаға жауаптылықты күшейту бөлігіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.